Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді

Жеңіл салмақта WBA International белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Евгений Павлов кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Мексикада өткен жекпе-жекте Е.Павлов жергілікті Хесус Гомес Кинтанамен (11-7, 8 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Әр жекпе-жекте жеңіске жететін қазақстандық кәсіпқой бокста сегізінші жеңісіне жетті, оның алтауы нокаутпен. Ал карьерасында 11 жеңіске жеткен мексикалық боксшы осымен қатарынан сегізінші рет жеңілді.

Еске сала кетейік, Павлов екінші орта салмақта абсолют чемпион атанған мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен бір залда жаттыққан.

Басқа материалдар

Back to top button