Бас тақырыпЖаңалықтар

Құрылтай Төрағасы мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай елордадағы мектептердің бірінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Cурет Құрылтайдың ресми сайтынан

Бүгін еліміздің барлық өңірінде азаматтар жергілікті өкілді органдардың жаңа құрамын жасақтау үшін дауыс беріп жатыр. Бұл науқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті маңызы бар мәселелердің шешілуіне және тұрғындар мүддесінің өкілді органдарда лайықты қорғалуына ықпал ететін маңызды саяси науқанның бірі.

Сайлау заңнамасына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Ал, аудандар мен қалалардың мәслихат депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері арқылы анықталады.

Айта кетейік, бұл – жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жергілікті өкілді органдарға өткізіліп отырған алғашқы сайлау.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button