Қарағанды облысында сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берді
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі туралы сағат 16:00-дегі алдын ала мәліметтер жарияланды. Оған сәйкес, Қарағанды облысында дауыс беруге құқылы тұрғындардың 53,42 пайызы өз таңдауын жасап, дауыс беруге қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер:
– Астана қаласы – 39,91%
– Абай облысы – 63,02%
– Ақмола облысы – 53,16%
– Ақтөбе облысы – 66,19%
– Алматы облысы – 56,25%
– Атырау облысы – 51,17%
– Батыс Қазақстан облысы – 52,27%
– Жамбыл облысы – 56,31%
– Жетісу облысы – 68,03%
– Қарағанды облысы – 53,42%
– Қостанай облысы – 54,15%
– Қызылорда облысы – 67,36%
– Маңғыстау облысы – 56,17%
– Павлодар облысы – 55,89%
– Солтүстік Қазақстан облысы – 56,58%
– Түркістан облысы – 69,84%
– Ұлытау облысы – 51,53%
– Шығыс Қазақстан облысы – 61,47%
– Алматы қаласы – 33,73%
– Шымкент қаласы – 40,23%
Республика бойынша сағат 16:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 53,86% дауыс берді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.



