Бас тақырып

Қарағанды облысында сайлаушылардың 44,76 пайызы дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі туралы сағат 14:00-дегі мәліметтерді жариялады. Оған сәйкес, Қарағанды облысында дауыс беруге құқылы тұрғындардың 44,76 пайызы өз таңдауын жасаған.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірлердегі дауыс беру көрсеткіші аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпарат негізінде қалыптастырылған. Республика бойынша сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Өңірлер бөлінісіндегі көрсеткіш төмендегідей:

– Астана қаласы – 33,27%;
– Абай облысы – 51,82%;
– Ақмола облысы – 49,14%;
– Ақтөбе облысы – 54,17%;
– Алматы облысы – 51,36%;
– Атырау облысы – 46,71%;
– Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
– Жамбыл облысы – 48,05%;
– Жетісу облысы – 58,35%;
– Қарағанды облысы – 44,76%;
– Қостанай облысы – 46,21%;
– Қызылорда облысы – 56,38%;
– Маңғыстау облысы – 47,51%;
– Павлодар облысы – 46,83%;
– Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
– Түркістан облысы – 56,91%;
– Ұлытау облысы – 43,63%;
– Шығыс Қазақстан облысы – 54,46%;
– Алматы қаласы – 25,72%;
– Шымкент қаласы – 32,74%.

Айта кетейік, Республика бойынша сағат 14:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 % дауыс берді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button