Жаңалықтар

Алғашқы дауыс берушілерге сыйлық табысталды

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 орта мектепте орналасқан 141 және 142 сайлау учаскелерінде дауыс беруге жастар да ағылуда.

Суреттерді түсірген автор

141-сайлау учаскесінде 2434 сайлаушы тіркелген. Әзірге олардың 102-сі өз таңдауын жасап үлгерген. Ал, мүмкіндігі шектеулі 7 азамат үйден дауыс береді.

-Сайлау заңнамаға сәйкес өтуде. Ешбір арыз-шағым жоқ. Азаматтар тарапынан белсенділік байқалады – деді 141-сайлау учаскесінің төрағасы Айнұр Жаппарқұл.
Бұл учаскеде сайлаудың алғашқы сәттерінен-ақ жағымды дәстүр қалыптасқан. Алғашқы болып дауыс берген азаматтарға естелік ретінде қалам мен қойын дәптер сыйға тартылады. Келген жастарға да бұл жолы осындай тарту-таралғы жасалды.

Дауыс беруге келе алмайтын азаматтар да назардан тыс қалмайды. Үйден дауыс беруге өтініш білдірген сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай қарастырылған.

Жәлел ШАЛҚАР
“Ortalyq Qazaqstan”

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button