Қаржы жүйесінің тұрақтылығы – экономикалық дамудың маңызды факторы
Қарағанды қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бас кеңсесінде банк қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуі өтті. Басқосуға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Иван Скородиевский, Абай Калыков, Наиль Мунасипов, Данияр Сакенов және Газиза Улыкманова қатысты.

Кездесу барысында қаржы жүйесінің тұрақтылығы, банк қызметтерінің қолжетімділігі, қаржылық сауаттылықты арттыру және цифрлық банкингті дамыту мәселелері көтерілді.

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы экономикалық даму бағыттарын таныстырып, қаржы ұйымдарының ел экономикасындағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қаржыландыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, халықтың қаржылық қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері сөз болды.
– Қаржы жүйесінің тұрақтылығы – экономиканың сенімді дамуына ықпал ететін маңызды шарт. Банк қызметтерінің қолжетімді болуы, азаматтардың қаржылық сауаттылығының артуы және кәсіпкерлікті қаржыландыру мүмкіндіктерінің кеңеюі қоғам үшін де, бизнес үшін де маңызды, – деді Абай Калыков.

Кездесу соңында банк қызметкерлері қаржы саласына қатысты өзекті сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Жиынға шамамен 50 адам қатысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



