Қарағандыда демалыс күндері қандай ауа райы болады?
Қарағанды облысында 14-15 қараша күндері қатты аяз күтілмейді. Демалыс күндері өңірде салқын әрі құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын болжанбайды, алайда жексенбіге қараған түні және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Қазгидромет» мәліметінше, 14 қараша, сенбі күні Қарағандыда түнде ауа температурасы -5…-7 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -1…-3 градус шамасында болады. Аспан құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрайды.
15 қараша, жексенбі күні түнде ауа температурасы -3…-5 градус, күндіз -1…-3 градус шамасында сақталады. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр болады.
Ал Қарағанды облысының орталық аудандарында алдағы күндері түнгі температура -5…-15 градус аралығында құбылады. Күндіз ауа температурасы -3 градустан +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Кей күндері тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



