Қарағандыда «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті
«Құқықтық тәртіп өзімнен басталады» акциясы аясында Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен қаланың сауда нысандарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтар мен интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған «Құқықтық дәріхана» профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара «Таир» сауда үйі мен «Глобал» сауда орталығында ұйымдастырылды.

Акция барысында 150-ден астам адам тегін заңгерлік кеңес алды. Қала тұрғындары мен қонақтарына өзекті құқықтық мәселелер, өз құқықтарын қорғау жолдары, алаяқтық әрекеттердің алдын алу және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша түсіндірмелер берілді. Интернет-алаяқтықтың алдын алуға, азаматтардың құқықтық хабардарлығын арттыруға және заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге ықпал етеді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ



