Бас тақырыпЖаңалықтар

Татан ауылында ауыз су жүйесі жаңартылды

Қарқаралы ауданына қарасты Темірші ауылдық округінің Татан ауылында жаңғыртудан өткен су құбыры жүйесі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Саят Мусин арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жобаның іске қосылуымен құттықтады.

Ауқымды жобаны іске асыруға 660,9 млн теңге қаржы бөлінген. Ал, құрылыс-монтаж жұмыстарын «Наладочный центр Темиртау» ЖШС мердігері мерзімінде аяқтаған. Жоба аясында ауыл ішінде ұзындығы 12,1 шақырымды құрайтын жаңа су құбыры желісі тартылып, 82 бақылау құдығы орнатылды. Сонымен қатар, сыйымдылығы 100 текше метр болатын заманауи су мұнарасы бой көтерді.

Аудан әкімі өз сөзінде ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және өңірдің инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту – басым бағыттарының бірі екенін баса айтты. Әрі бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар, жүктелген міндетті белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтаған мердігер ұйым мен жобаның сәтті жүзеге асуына атсалысқан барлық жауапты мекемелерге шынайы алғысын білдірді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button