Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандылық былғары қолғап шеберлері 12 медаль жеңіп алды

Тараз қаласында өткен бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының құрамасы табысты өнер көрсетті. Жерлестеріміз ел біріншілігінде 12 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Сурет бокс федерациясынан

30 қазан мен 6 қараша аралығында ұйымдастырылған дүбірлі додаға еліміздің үздік боксшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының алты өкілі финалға жолдама алды. Оның үшеуі қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Атап айтқанда, 48 келі салмақта Гүлназ Бурибаева, 51 келіде Анита Адишева, 65 келіде Аида Әбікейева алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдеге 75 келіде өнер көрсеткен Әзиза Исина, 80 келідегі Айдана Убайдуллақызы және 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Дина Исламбекова қол жеткізді.

Бұдан бөлек, өңір құрамасының алты боксшысы қола медаль еншіледі. Олар – Томирис Мырзақұл (51 келі), Нұрислам Бекен (55 келі), Алина Құдайгенова (57 келі), Аяжан Ермек (60 келі), Жасмин Қизатова (75 келі) және Нұрмағамед Юсупов (90 келі).

Осылайша, Қарағанды облысының боксшылары ел чемпионатында үш алтын, үш күміс және алты қола медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орынға ие болды.

Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстарда да сәттілік тілейміз!

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button