Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мәліметінше, 6 қарашада Қарағанды қаласында күн құбылмалы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Ауа температурасы түнде -1…-3 градус, күндіз +11…+13 градус шамасында болады.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді.

Алдағы күндері ауа райы өзгереді. 7 қарашада жаңбыр жауып, ауа температурасы +7…+9 градусқа дейін төмендейді. 8 қарашада түнде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз +10…+12 градус күтіледі.


Диас СЕРІКҚАЗҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button