Жаңалықтар

«Теплотранзит» еңбек ұжымымен кездесу өтті

Қарағанды қаласында «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Теплотранзит» ЖШС-нің өндірістік алаңында энергетика саласының еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидат Бекзат Алтынбеков, Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Зара Шалабаева, Дархан Тілемісов және Арафат Мажитов қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Кездесу барысында кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасып, партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ еңбек ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Басқосуға 100-ге жуық адам қатысты.

Бекзат Алтынбеков өз сөзінде еңбек адамдарының пікірін тыңдаудың маңыздылығына тоқталып, мұндай кездесулер халықтың ұсыныс-тілегін тікелей білуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Еңбек ұжымымен кездесу – сала мамандарының күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерін өз аузынан естіп, ұсыныстарын білуге мүмкіндік береді. Әрбір пікір мен ұсыныс назардан тыс қалмауы керек. Себебі елдің дамуы еңбек адамдарының еңбегімен және олардың мүддесін ескерумен тығыз байланысты, – деді Бекзат Алтынбеков.

«Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button