Жаңалықтар
Қарағандыда «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтеді
Осы сенбі, 31 қазанда Қарағандыда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары жергілікті фермерлердің өнімдерін нарықтағы орташа бағадан төмен сатып ала алады.

«Дала дәмі» атауымен өтетін жәрмеңке сағат 9:00-де Байкен Әшімов көшесіндегі жаңа алаңда басталады.

Сауда сөрелерінен ет, көкөніс, тауық жұмыртқасы, сүт өнімдері және жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарының тауарларын табуға болады. Өнімдер делдалсыз, тікелей өндірушілерден ұсынылады. Бұл тұрғындарға азық-түлікті тиімді бағамен алуға, ал жергілікті шаруаларға өз өнімдерін өткізуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеге келушілер үшін қоғамдық көлік қатынасы да қарастырылған. Сұрыптау және Пришахтинск шағынаудандарынан Әшімов көшесіне дейін қосымша автобус бағыттары ұйымдастырылады.
Сонымен қатар сауда орнына №19, 31, 65, 66 және 70 автобустарымен жетуге болады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



