«Сарыарқа» буллиттер сериясында «Алматыға» есе жіберді
Қарағандыда хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында «Сарыарқа» мен «Алматы» командаларының кездесуі өтті.

Ойын тартысты өрбіді. Кездесудің алғашқы екі минутында Данила Карабань мен Владислав Никулин шайба соғып, алаң иелерін алға шығарды. Дегенмен бірінші кезеңнің соңына қарай Евгений Фокин мен Денис Гафаров есепті теңестірді.
Екінші кезеңде Александр Борисевич қарағандылықтарды қайта алға шығарса, араға бес минут салып Савелий Ольшанский таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде Владислав Никулин екінші шайбасын соқты. Алайда 53-минутта Евгений Рымарев басымдықты пайдаланып, есепті 4:4-ке жеткізді.
Негізгі уақыт пен овертаймда жеңімпаз анықталмады. Буллиттер сериясында алматылықтар мергендік танытып, 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазіргі«Сарыарқа» 36 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысына орналасты. «Алматы» 23 ұпаймен жетінші орында келеді.
Командалар бүгін, 30 қазанда Қарағанды мұз айдынында қайта кездеседі. Матч сағат 19:00-де басталады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



