Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
«Сарыарқа» сырт алаңда жеңіске жетті
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігі аясында Петропавлдың «Құлагерін» сырт алаңда жеңді.

Кездесуде есепті 10-минутта алаң иелерінің ойыншысы Денис Чапоров ашты.
Екінші кезеңде, 27-минутта, Артём Лихотников сан басымдығын сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңнің 44-минутында Евгений Королинский қарағандылықтарды алға шығарса, матчтың соңғы минутында Владислав Никулин бос қақпаға шайба салып, ойынның қорытынды есебін белгіледі.
Осы жеңістен кейін «Сарыарқаның» еншісінде 23 ұпай бар. Команда турнир кестесінде төртінші орында келеді. Ал 20 ұпай жинаған «Құлагер» алтыншы сатыда тұр.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



