Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарға 6,6 млрд теңге бөлінді
Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды қолдау және қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне орай Қарағанды қаласы әкімдігі тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оңалту және өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан шараларды атап
өткен жөн.

Бүгінде Қарағанды қаласында 25 412 мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 2940-ы – балалар.
2026 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға 6,6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша:
– 10 009 техникалық оңалту құралы берілді; – 4 817 адам санаторийлік-курорттық ем қабылдады;
– 1300 адам жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етілді;
– 408 адам ымдау тілі маманының қызметін алды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне орай қаланың 25 040 тұрғынына біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Көмек мөлшері мүгедектігі бар балалар үшін 43 250 теңгені, ал ересектер үшін 21 625 теңгені құрайды.
Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ



