Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанымен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

“Аса мәртебелі Сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент екі елдің сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты. Сондай-ақ қосымша тікелей әуе рейстерін ашудың маңызына тоқталып, Доңға мұнай кен орнына қатысты келісімді ортақ жетістік деп бағалады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



