Аймақ
Қарағанды облысының ТЖД жаңа басшы тағайындалды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов тағайындалды.

Жаңа басшыны департаменттің жеке құрамына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев таныстырды.
Қарағанды облысы ТЖД-ның бұрынғы бастығы Марғұлан Аманбаев Астанаға қызмет ауыстырды. Ол ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



