Бас тақырыпЖаңалықтар

Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, 19 әскери қызметші Каспий теңізіне батып кеткен. Олардың тоғызы қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Тағы жеті әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет Қорғаныс министрлігінен

Оқиға 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райының күрт бұзылып, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңіз алып кеткен.

Құтқарылған үш адамның бірі ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерімен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да қызметтер тартылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтап, іздестіру жұмыстарын үйлестіру үшін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған комиссия Маңғыстау облысына аттанды.

Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button