Жаңалықтар

Ардагер журналист, жазушы Мақсым Омарбековтің ұлы дүниеден өтті

«Оrtalyq Qazaqstan» газетінің ардагері, белгілі қаламгер Мақсым Омарбековтің ұлы Саян Мақсымұлы дүниеден өтті.

Саян Мақсымұлы ұзақ жылдар бойы Қарағанды облысының ветеринария саласында бас инспектор болып еңбек етіп, осы бағытта мол тәжірибе жинақтады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби міндетін абыроймен атқарған маман ретінде әріптестерінің құрметіне бөленді. Еліміздің мал шаруашылығы мен ветеринария саласының дамуына үлес қосты. 

Саян Мақсымұлының өмірден өтуіне байланысты «Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

«Saryarqa Aqparat» медиахолдингінің ұжымы

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button