Бас тақырып
Қарағандыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
Облыс орталығында жаңа автобус бағыты іске қосылады. Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс арасын байланыстыратын желіге төрт автобус шығарылады.

Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14-шағынаудан тұрғындарының өтінішіне байланысты №22 жаңа маршрут іске қосылмақ. Бағытқа «Таксокомбинат 1» ЖШС қызмет көрсетеді. Автобустардың қозғалыс аралығы 18-20 минутты құрайды.
Автобустар 14-шағынауданнан шығып, Күзембаев, Магнитогорская, Қ. Маркс көшелері арқылы «Global City» сауда-ойын-сауық орталығына дейін қатынайды.
Алғашқы кезеңде жолаушылар ағыны зерттеледі. Осыдан кейін қозғалыс сызбасы мен кестесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



