Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 27-тур ойындары басталады
Бүгін, 17 қыркүйекте Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры басталады. Кездесулер 17 және 18 қыркүйек күндері өтеді.

Тур аясында бүгін үш матч ойналады. Негізгі назар «Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесуге аударылады. Ойын елордада сағат 19:00-де басталады.
Сондай-ақ осы күні «Тобыл» өз алаңында «Елімайды» қабылдаса, «Атырау» мен «Ордабасы» кездеседі.
17 қыркүйек
19:00 — «Астана» – «Қайрат»
19:00 — «Тобыл» – «Елімай»
20:00 — «Атырау» – «Ордабасы»
18 қыркүйек
16:00 — «Оқжетпес» – «Жеңіс»
17:00 — «Жетісу» – «Каспий»
17:00 — «Алтай» – «Ертіс»
19:00 — «Қызылжар» – «Қайсар»
20:00 — «Ақтөбе» – «Ұлытау»
26 турдан кейін турнир кестесінде «Ордабасы» 58 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайрат» 57 ұпаймен екінші орында болса, «Астана» 45 ұпаймен үшінші сатыда келеді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



