Бас тақырыпЖаңалықтар
Қазан айында қазақстандықтар үш күн демалады
Қазан айының соңында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

24 қазан – сенбі, 25 қазан – Республика күні, ал 26 қазан – ауыстырылған демалыс күні.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында демалыс 24-26 қазан аралығында жалғасады. Азаматтар жұмысқа 27 қазан, сейсенбі күні шығады.
Ал алты күндік жұмыс аптасында 24 қазан жұмыс күні болып саналады. Бұл жағдайда демалыс 25 және 26 қазанға түседі.
Жалпы, 2026 жылғы қазанда 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні бар.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



