АймақБас тақырып

16 қыркүйекте облыстағы барлық дыбыстық сиреналар іске қосылады

Қарағанды облысының тұрғындарына құлақтандыру жүйесінің іске қосылатыны ескертілді. Ертең, 16 қыркүйекте, өңірдегі барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі.

Сурет ЖИ

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, іске қосу сағат 10:55-ке жоспарланған. Бұл шара «Баршаның назарына!» сигналы бойынша аумақтық құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру аясында жүргізіледі.

ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарынан мазасызданбауды сұрайды. Сиреналардың қосылуы жоспарлы түрде жүзеге асырылады және төтенше жағдайға байланысты емес.

«Сабырлық сақтап, дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауларыңызды сұраймыз», – деп ескертті ведомство өкілдері.

Нақты төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button