АймақБас тақырып

Қарағандыда С. Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Қарағандыда 18–20 қыркүйек аралығында С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрынан каскад алаңына дейінгі учаскесінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл жайлы Қарағанды қаласы әкімдігі мәлім етті. 

Шектеу М2 жылу магистралін №2 сорғы станциясынан ТК 728-ге дейін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты енгізіледі. Жұмыс барысында жылу желісінің төрт жерүсті П-тәрізді компенсаторы бөлшектеліп, құбырларды кейіннен жер асты тәсіліне ауыстыру көзделген.

Жүргізушілерге осы кезеңде қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды пайдалануға кеңес беріледі.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button