Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық көкпаршылар Азия лигасында топ жарды
Қарағанды облысының көкпар командасы «Asian Kokpar League» турнирінің жеңімпазы атанды.

Ақмола облысының Шортанды кентінде өткен жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 8 кәсіби команда қатысты. Қарағандылық көкпаршылар додаға алғаш рет қатысып, чемпиондық атақты бірден иеленді.

11 қыркүйекте жерлестеріміз жартылай финалда «Құлатай» командасын жеңсе, 12 қыркүйекте финалдық кездесуде қарсыласынан басым түсті.

Нәтижесінде Қарағанды облысының құрамасы I орынға ие болып, «Asian Kokpar League» алғашқы маусымының чемпионы атанды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



