Жаңалықтар
Жастарға жаңа мүмкіндік: Абзал Абсаттаров еңбек жолын бастады
Рудный қаласының тұрғыны Абзал Абсаттаров Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжін тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасу мәселесі бойынша қалалық мансап орталығына жүгінді.

3 шілдеде ол «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында «Н.А Дүйсенова» ЖК-не жаттықтырушы қызметіне әңгімелесуге жолданып, көп ұзамай жұмысқа қабылданды.
2026 жылғы 9 шілдеден бастап Абзал жаңа қызметіне кірісті. Бүгінде ол алған білімін тәжірибеде қолданып, еңбек жолын бастап отыр.
«Жастар практикасы» — оқу орнын енді тәмамдаған жас мамандарға еңбек нарығына бейімделіп, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін маңызды қолдау тетігі.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



