Өңірде Qamqor Plus қоғамдық бірлестігі белсенді жұмыс істеуде
Қарағанды қаласында бірнеше жылдан бері Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығы белсенді жұмыс істеп келеді. Мұнда 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Орталық тек жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен шектелмейді. Орталық мамандары адамдардың әлеуметтенуіне, өңірдің мәдени және спорттық өміріне белсенді араласуына да ықпал етеді.
Жоба Qamqor Plus қоғамдық бірлестігінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылуда.
Орталықта әлеуметтік жеңілдіктер мен құқықтарға қатысты мәселелер бойынша тегін кеңес беріледі. Сонымен қатар келушілерге жұмысқа орналасуға, кәсіби бағдар алуға және жұмыс орнына бейімделуге көмек көрсетіледі.
Мамандар құжаттарды рәсімдеуге, қажетті қызметтерді алуға және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға да қолдау көрсетеді.
Орталық келушілер үшін қаланың заманауи ырғағына бейімделіп, белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретін түрлі тренингтер, іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



