Рыбакина келесі кезеңге жолдама алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтап, жарыстың екінші айналымына жолдама алды.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 585-орында тұрған америкалық Ти Фродинді 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.
Ойын барысында Рыбакина бес эйс жасап, үш рет қосарланған қателік жіберді. Ол өзіне берілген алты брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал америкалық спортшы 11 рет эйс жасап, алты қосарланған қателікке жол берді.
Айта кетейік, Ти Фродин бұған дейін кино саласында да көрінген. Бес жыл бұрын, 12 жасында ол Серена Уильямстың бала күнін сомдаған актрисаның дублері ретінде «Король Ричард» фильмінің түсіріліміне қатысқан.

Елена Рыбакинаның US Open-дағы келесі қарсыласы Дарья Видьманова (Чехия) мен Джессика Бузас Манейро (Испания) арасындағы кездесуден кейін анықталады.
US Open – биылғы маусымдағы «Үлкен дулыға» сериясының соңғы турнирі. Қазақстан атынан әйелдер арасындағы жекелей сында Юлия Путинцева да бақ сынап жатыр.
Бұған дейін Рыбакина US Open қарсаңында әлемдік рейтингтегі орны туралы көп ойламауға тырысатынын айтқан еді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



