Бас тақырыпСпорт

Дастан Сәтпаев «Бернлидің» басты афишасына шықты

Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» клубының әлеуметтік желідегі басты матч афишасына енді. Ағылшын командасы Чемпионшиптің төртінші турында «Мидлсбромен» кездеседі.

Суреттер клубтың ресми парақшасынан

Клубтың баспасөз қызметі жариялаған матч алдындағы афишада 18 жастағы қазақстандық футболшының суреті орналастырылған. «Бернли» өз алаңында «Мидлсброны» қабылдайды.

«Апта ортасында «Терф Мурда» «Мидлсброны» қабылдаймыз», – деп жазды клуб әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кездесу 2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

«Бернли» үшін маңызды кездесу

«Бернли» Чемпионшиптің алғашқы үш турында сәтсіз өнер көрсетті. Команда бұл кездесулердің қорытындысы бойынша небәрі бір ұпай жинап, турнир кестесінде 22-орынға жайғасты.

Қазіргі уақытта «Бернлиден» төмен «Престон» мен «Сток Сити» тұр. Екі команда да әзірге ұпай еншілеген жоқ.

Сондықтан «Мидлсброға» қарсы ойын «Бернли» үшін турнирлік жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды кездесулердің бірі болмақ.

Сәтпаев Чемпионшипте үш ойын өткізді

Дастан Сәтпаев жаңа командасы сапында Чемпионшипте үш матчқа қатысып үлгерді. Қазақстандық футболшы «Бернлидің» негізгі құрамындағы ойыншылардың біріне айналуға талпынып жүр.

18 жастағы шабуылшының клубтың негізгі афишасына шығарылуы оның командадағы маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Енді жанкүйерлер Сәтпаевтың «Мидлсброға» қарсы кездесуде алаңға шығуын күтеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button