Саран"Таза Қазақстан"Аймақ

Кеншілер күніндегі концерттен кейін тазалық жұмыстары жүргізілді

Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттен кейін Саран қаласының еріктілері қалалық алаңға шығып, “Таза Қазақстан” акциясы аясында аумақты тазалау жұмыстарына белсене қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Ерікті жастар мерекелік шарадан кейінгі тазалықты қамтамасыз етіп, туған қаланың көркеюі мен тазалығына өз үлестерін қосты. Олар аумақты қоқыстан тазартып, қоғамдық орынның ретке келуіне атсалысты.

Қолдарына қаптарын алып, алаңды аралаған жастар қалдықтарды жинап, мерекеден кейінгі аумақты тазартты. Бұл – туған қалаға деген жанашырлықтың, тазалыққа деген жауапкершіліктің және ортақ іске жұмыла білудің жарқын көрінісі.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button