«Таза Қазақстан»: Шахтинскінің жастары абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шахтинск қаласында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары қаланы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

Жастар көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазалап, саябақтардағы ағаштарды суарып, қаланың көркеюіне өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, еңбек жасақтарының мүшелері түрлі қоғамдық және экологиялық іс-шараларға белсенді қатысуда.
«Жасыл Ел» бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды еңбекке баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және оларды қоғамдық маңызы бар жұмыстарға тарту. Бағдарлама аясында жастар елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға және қоршаған ортаны қорғауға атсалысады.
Шахтинск қаласының жастары өз еңбектері арқылы туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, белсенді азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетуде.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



