АймақБас тақырыпРесми

Сұрыптау мектебінде арнайы шахмат кабинеті ашылды

Жаңа оқу жылында Сұрыптау бекетіндегі №12 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың шахматпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік беретін арнайы шахмат кабинеті ашылды. Енді мұнда жас өрендер шахмат тақтасы арқылы логикасын шыңдап, стратегиялық ойлау қабілетін дамытып, зияткерлік спорттың қыр-сырын меңгере алады.

Суреттерді түсірген автор

Айта кеткен жөн, елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023–2027 жылдарға арналған шахматты дамытудың кешенді жоспары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Құжат аясында Қазақстан шахмат федерациясы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы жолға қойылып, шахматты білім беру жүйесіне кеңінен енгізуге басымдық берілуде.

Аталған жұмыстың нақты нәтижесі де бар. 2025-2026 оқу жылында «Білім берудегі шахмат» бағдарламасы республика бойынша 2 500 мектепте енгізілді.

Ал, 2026–2027 оқу жылында Қарағанды облысындағы 130 мектеп «Білім берудегі шахмат» бағдарламасына қосылды. Оның аясында 1-сыныптан 4-сыныпқа дейінгі оқушылар вариативтік компонент негізінде шахматтың бастапқы қыр-сырын меңгеруде.

Жаңа оқу жылының өзінде бағдарламаны жүзеге асыратын мектептер қатарына тағы 42 білім беру ұйымы қосылды.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button