Бас тақырыпЖаңалықтар

ОСК сайлауға қатысу көрсеткішінің алдын ала қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.

“Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиіс”, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Қарағанды облысында, алдын ала мәлімет бойынша, сайлаушылардың 76,28 пайызы өз таңдауын жасаған. Бұл көрсеткіш облысты сайлаушылар белсенділігі жоғары өңірлердің қатарына қосты.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

1. Астана қаласы бойынша – 51,67%

2. Абай облысы бойынша – 81,41%

3. Ақмола облысы бойынша – 82,69%

4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%

5. Алматы облысы бойынша – 71,17%

6. Атырау облысы бойынша – 70,74%

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%

8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18

9. Жетісу облысы бойынша –  91,19%

10. Қарағанды облысы бойынша – 76,28%

11. Қостанай облысы бойынша – 76,47%

12. Қызылорда облысы бойынша – 90,75%

13. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%

14. Павлодар облысы бойынша – 71,20%

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%

16. Түркістан облысы бойынша – 92,16%

17. Ұлытау облысы бойынша – 70,72%

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%

19. Алматы қаласы бойынша – 43,23%

20. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.

Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындылары Орталық сайлау комиссиясының арнайы брифингінде жарияланады.

Брифингтің нақты уақыты қосымша хабарланады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button