АймақБас тақырып

Елде Құрылтай бойынша дауыс беру аяқталды

Елде Құрылтай сайлауы бойынша дауыс беру аяқталды. Сағат 20:00-де Қазақстанда барлық сайлау учаскелері жабылды.  Комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау 07:00-де басталды. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтті.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Астана уақытымен 03:00 Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен Жапония астанасы Токиода (жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00–де) сайлау учаскелері ашылды. Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Кәрімжанова өз таңдауын жасады.

Еске салсақ, биыл 1 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын «Әділет», ЖСДП, «Байтақ», ҚХП, «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» және Respublica партиясының тізімдерін тіркеді. 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер болып отыр.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button