АбайАймақ

Фермерлер әулетінің азаматтық белсенділігі

Абай ауданындағы “Шанс” шаруа қожалығының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Игорь Жабяктың әулеті өңірде ауыл шаруашылығын өркендетуге үлес қосып қана қоймай, қоғамдық-саяси өмірінде де белсенділік танытып жүр.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бүгінгі Құрылтай сайлауы күні осы отбасының мүшелері тағы белсенділік көрсетіп, өздері тұратын Көксу аулындағы 383- сайлау учаскесіне барды.

– Біз өз ісіміз, өзіміз жұмыс істейтін жердің тағдыры, балаларымыздың болашағы үшін жауаптымыз. Сондықтан да осы Құрылтай сайлауында берген әр даусымыз маңызды деп есептеймін. Өйткені әр дауыс–жеке жауапкершілік және өз азаматтық ұстанымымызды білдіретін мүмкіндік, – дейді отағасы Игорь Жабяк.

Ержан ИМАШ
Абай ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button