ШетАймақ

Азаматтық ұстаным үлгісі

Ақадыр кентіндегі №598 Құрылтай сайлау учаскесінде Шет ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі жазушы Өмір Кәріп дауыс берді.

Сурет автордан

– Азаматтық жасқа жеткеннен бері ешқашан сайлаудан қалған емеспін. Әрдайым дауыс беріп келемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болғай! – деді жазушы Өмір Кәріп.

Ұзақ жылғы еңбек жолы мен әдебиеттегі шығармашылығы арқылы елге үлгі болып жүрген қаламгердің бұл қадамы – азаматтық белсенділіктің жарқын көрінісі.
Қарапайымдылығы мен елге деген сүйіспеншілігімен танылған қаламгердің Құрылтай сайлауына қатысуы әр азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарауы керектігін аңғартқан тағылымды сәт болды.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Шет ауданы

Автор: Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button