Бүгін Шашубай кентінің тұрғыны Мұсахан Исабаев Құрылтай сайлауында алғашқылардың бірі болып, дауыс берді.

– Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі деп білемін. Бүгін мен азаматтық міндетімді орындадым. Елдің ертеңі әрқайсымыздың дауысымызға байланысты. Сондықтан, азаматтар маңызды саяси кезеңде қалыс қалмауы тиіс. Болашаққа бәріміз жауаптымыз, – деді Мұсахан Исабаев.
Ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік таныту – ортақ парыз.
Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
Ақтоғай ауданы



