Басты тақырып

Балқаштағы жолбарыс алғашқы олжасын аулады

Іле-Балқаш резерватына Ресейден жеткізілген Амур жолбарыстарының алғашқысы жаңа ортадағы алғашқы олжасын екі аптадан кейін аулады, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі.

Сурет Экология және табиғи ресурстар министрлігінен

Қазақстанға Ресейден жеткізілген “Үміт” атты Амур жолбарыстарының алғашқысы Іле-Балқаш резерватына жіберілген еді. Арада екі апта өткен соң жыртқыш жаңа ортадағы алғашқы олжасын аулады. Бұл оның жаңа аумақтағы тіршілігіне бейімделу барысындағы маңызды көрсеткіштердің бірі.

Министр Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Балқаш маңында жолбарысқа табиғи азық жеткілікті. Өңірде марал, құлан және жабайы қабан популяциясы бар.

Жоба 35 жылға жоспарланған. Қыркүйек айының басында Балқашқа тағы бір жолбарыс жіберіледі.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button