Биыл бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді
Жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің вице-министрі Шынар Ақпарова тамыз конференциясында мәлімдеді.

Жаңа тәсілде басты назар оқушыны жиі бағалауға емес, оның оқу материалын терең түсінуіне және алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуына аударылады.
БЖБ мен ТЖБ-ның болмауы бастауыш сыныптарда оқушының білімі мүлде бағаланбайды дегенді білдірмейді. Мұғалім баланың оқу жетістігін сабақтағы тапсырмаларды орындауы, белсенділігі және оқу материалын меңгеруі арқылы қадағалайды.
Өзгерістің негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына түсетін бағалау жүктемесін азайтып, оқу процесін жеңілдету. Бұл тәсіл балалардың білім алуға қызығушылығын арттырып, алған білімін түсініп қолдануына көбірек мүмкіндік береді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



