ЖаңалықтарБас тақырып

«Қазақмысқа» 8,65 млн теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті 21 мамыр – 19 маусым аралығында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Қарағайлы байыту фабрикасында жоспарлы тексеру жүргізді.

Суретті түсірген ЖАНГЕЛДІ ӘБДІҒАЛЫМ

Тексеру барысында атмосфералық ауаны қорғау, қалдықтарды басқару және өндірістік қызметке қойылатын экологиялық талаптар бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталған.

Нәтижесінде кәсіпорынға әкімшілік шаралар қолданылып, жалпы 2 000 АЕК – 8 650 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қысқартылған тәртіппен төленген жағдайда айыппұл сомасы 4 325 000 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді. Оның орындалуы Департаменттің бақылауында.

Департаменттің мәліметінше, тексеру барысында анықталған кемшіліктердің белгіленген талаптарға сәйкес жойылуы кәсіпорынның экологиялық жауапкершілігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Тиісті шаралардың орындалу барысы уәкілетті орган тарапынан бақылауда болады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button