БалқашБас тақырып

Балқаш әуежайы қайтарылған активтер есебінен толығымен жаңарды

Балқаш қаласында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізілген әуежайды реконструкциялау жұмыстары толық аяқталды. Жоба Мемлекет басшысының қайтарылған активтерді өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және әлеуметтік маңызы бар нысандарды жаңғыртуға бағыттау жөніндегі тапсырмасы аясында іске асты.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қала әкімдігінің мәліметінше, реконструкция барысында әуежайдың негізгі инфрақұрылымы жаңартылып, ұшу қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету деңгейі артты. Сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілгендіктен, қазір әуежайдың жалпы жағдайы заманауи талаптарға сай.

Әуе қатынасының қайта жандануы Балқаш тұрғындары үшін ғана емес, қалаға келетін қонақтар үшін де маңызды. Әуежай ашылғаннан бері 85 рейс орындалып, 10 681 жолаушы тасымалданған.

Жаңғыртылған әуежай Балқаштың көлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беріп, қаланың басқа өңірлермен байланысын нығайтты. Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары әуе қатынасының қайта іске қосылуын, әуежайдың жаңарған келбетін және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының жақсарғанын оң бағалап отыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button