АймақБас тақырып

12 тамыз – Халықаралық жастар күні

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Халықаралық жастар күніне арналған брифингте еліміздегі жастар саны 6 миллионға жуықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Кейінгі жылдары жастар саясаты саласында бірқатар өзгеріс енгізілді. Соның бірі – жастар санатына жататын азаматтардың жас шегін 35 жасқа дейін ұлғайту. Соның нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларына қатыса алатын азаматтар қатары кеңейді. Қазір елімізде 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр. Оны іске асыру жоспарына 80-нен астам іс-шара мен жоба енгізілді, – деді Евгений Кочетов.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының дерегінше, қазақстандық жастардың 82,7 пайызы ел болашағына сеніммен қарайды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button