ЖаңалықтарБас тақырыпБілім

Қарағанды облысына жергілікті әкімдіктерден 198 грант бөлінді

Қарағанды облысына биыл бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша 198 білім беру гранты бөлінді. Әкімдік гранттарына қатысу үшін талапкерлерден өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Сурет Ғылым және жоғары білім министрлігінен

Министрлік мәліметінше, 2026 жылы жергілікті атқарушы органдар ел бойынша барлығы 2392 грант бөлген. Оның ішінде Қарағанды облысына 198 грант тиесілі. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында жоғары нәтижелердің бірі.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсыруы қажет. Өтінішке білім туралы құжат, ҰБТ сертификаты, жеке куәлік көшірмесі және жеңілдік санатын растайтын құжаттар қоса беріледі.

Құжат қабылдау мерзімі өңірлер мен жоғары оқу орындарына қарай белгіленеді. Грант иегерлерін арнайы комиссия анықтайды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Биыл еліміз бойынша 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button