Дияр Нұрғожай UFC-де қатарынан екінші рет жеңіске жетті
Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі төртінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 120 турнирінде ол бразилиялық Бруно Лопеспен кездесіп, бірінші раундтың соңғы секундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек барысында Нұрғожай белсенділік танытып, раунд соңында шабуылын күшейтті. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл – қазақстандық спортшының UFC-дегі қатарынан екінші жеңісі. Бұған дейін ол Рафаэль Тобиасты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Осы жеңістен кейін Дияр Нұрғожайдың кәсіби рекорды 12 жеңіс және 2 жеңіліс болып отыр. Қазақстандық спортшы UFC-дегі жеңістер санын арттырып, жартылай ауыр салмақтағы болашағы зор файтерлердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



