ҚарағандыЖаңалықтар

Қарағандыда Теміржолшылар күні аталып өтті

Қарағандыда Теміржолшылар күніне орай «Темір жол – ел жолы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға теміржол саласының қызметкерлері, ардагерлер, әлеуметтік серіктестер мен қала тұрғындары қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Іс-шара барысында теміржол көлігінің ел экономикасындағы маңызы, өңірлер арасындағы көлік қатынасын дамытудағы рөлі және салада жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары айтылды. Биыл Қарағанды өңіріндегі бірқатар теміржол вокзалдары қайта жаңғыртылып, өндірістік базаны жаңарту мен кадрлық әлеуетті нығайту жұмыстары жалғасып жатқаны атап өтілді.

Мерекеде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен теміржолшыларға ведомстволық наградалар мен Алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар Жезқазған электрмен жабдықтау дистанциясы, Ақадыр жол дистанциясы, Балқаш жол дистанциясы және Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясының мерейтойлары аталып өтті.

Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт ұйымдастырылып, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Кешкі бағдарлама жанды музыка концерті мен ашық аспан астындағы би кешімен жалғасты.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button