Қарқаралыда халықаралық Bugyly Trail 2026 марафоны басталды
Қарқаралыда дәстүрлі Bugyly Trail 2026 халықаралық марафонының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, биылғы жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Канада, Германия және Қырғызстаннан келген 400-ден астам спортшы қатысуда.

Марафонның ашылуында Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ринат Тілеубек қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биыл жарыс 1, 5, 10, 21 және 50 шақырым қашықтықтар бойынша өтуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Bugyly Trail марафоны салауатты өмір салтын насихаттайды.

Бүгінде марафон Қарқаралының табиғи ерекшеліктері мен туристік әлеуетін танытатын халықаралық деңгейдегі маңызды спорттық іс-шаралардың біріне айналып келеді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



