АймақБас тақырып

«Сарыарқа – достық аймағы» этножурналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қарағанды облысында «Сарыарқа – достық аймағы» этножурналистер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Кәсіби мереке қарсаңында қоғамдық келісімді нығайтуға, бірлік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуге, мәдени әртүрлілікті сақтауға және өңірдегі этносаралық диалогты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген журналистердің еңбегі жоғары бағаланды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

«Сарыарқа – достық аймағы» байқауы өңірлік этножурналистиканы қолдау мен дамытуға, этномәдени бірлестіктердің қызметін насихаттауға, бейбітшілік, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік идеяларын дәріптеуге, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен ақпараттандыруға бағытталған.

Биыл байқауға Қарағанды облысындағы өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерінен, сондай-ақ блогерлерден барлығы 14 өтінім келіп түсті. Қатысушылар этномәдени бірлестіктердің қызметі, мәдениетаралық диалогты дамыту, Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұрасын сақтау, қоғамдық келісімді нығайту тақырыптарындағы материалдарын ұсынды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Байқау жұмыстары тақырыпқа сәйкестігі, мазмұнның толық ашылуы, шығармашылық көзқарас, өзектілігі, әлеуметтік маңыздылығы және этносаралық қатынастар саласындағы терминологияны дұрыс қолдануы бойынша бағаланды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар үш негізгі номинация бойынша анықталды.

«Ақпараттық қолдаудағы белсенділігі үшін» номинациясының жеңімпазы этносаралық келісім, этностардың интеграциясы және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру тақырыптарын жан-жақты насихаттаған «Новое телевидение» телеарнасының ұжымы атанды.

«Бірегейлігі мен креативтілігі үшін» номинациясында «SARYARQA» телеарнасының тележүргізушісі әрі редакторы Жаннұр Елубаева жеңіске жетті. Ол заманауи шығармашылық тәсілдер мен ақпаратты ерекше ұсыну үлгісін көрсетті.

«Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Наталья Фомина «Шығармашылық шеберлігі үшін» номинациясының жеңімпазы атанды. Оның жарияланымдары қазақстандық қоғамдық келісім моделінің мәнін және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің қызмет бағыттарын жан-жақты ашып көрсетті.

Сонымен қатар, тарихи, рухани және мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға қосқан үлесі үшін филолог әрі журналист Әлімжан Жақан  арнайы шығармашылық «Алтын мұра» номинациясымен марапатталды.

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов  Әлімжан Құтжанұлына Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінің маманы  Айым Сырымқызына «Қоғамдық келісім» РММ директорының Алғыс хаты тапсырылды.

Байқау жеңімпаздарын әртүрлі номинациялар бойынша Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов, конкурстық комиссия мүшелері, Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктері Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қиясова және «Ұмырзая» татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Рустам  Бузяков марапаттады.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button