АймақБас тақырып

Бүгін – қазақтың біртуар ұлы Әлімхан Ермековтің туған күні

Бүгін – 25 мамыр, қазақтың біртуар ұлы, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш математик-ғалым Әлімхан Ермековтің туғанына 135 жыл толды. Ол  1891 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылының Бөріктас жерінде дүниеге келген.

http://museum.kstu.kz мәліметінше, мектеп қабырғасында бала Әлімхан зейінді әрі алғыр, оқуға деген ынтасы зор болады. Мектепті үздік бітіріп шығады. Әлімханның атасы Ермек ақсақал кезінде Абайдың әкесі Құнанбаймен Меккеге қажылыққа барған. Ал әкесі Әбеу ел ортасында аты шыққан, қадірлі, озық ойлы кісі болыпты. Сол уақытта ауылдан шыққан жас жеткіншектерге орыс оқу орындарында оқу қиын болатын.

1912 жылы Том техникалық институтында оқыған Әлімхан алғашқы қазақтың бірі болды.

1917 жылы шәкірт Әлімхан оқуын тоқтатып, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш ардақтыларымен бір ту астына бірігіп, автономия құруға атсалысты.

1920 жылы В. Лениннің төрағалығымен өткен кеңес үкіметінің отырысында қазақ жерінің шекарасы туралы баяндап, ұлан-ғайыр аумақтың Қазақстан құрамында қалуын тарихи тұрғыдан дәлелдеген тұлға. Сонымен қатар, ол – қазақтан шыққан тұңғыш математик профессор.

Ұлы тұлғаның есімі Қарағанды қаласымен тығыз байланысты. Өмірінің соңғы жылдарында Қарағанды политехникалық институтында (қазіргі ҚарТУ) кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Біздің қаламызда көше, мамандандырылған Кітап үйі, Ағадырдағы №131 орта мектебі Әлімхан Ермековтың атымен аталған.

1998 жылы Ақтоғайда, Әлімхан Ермековтың туған жерінде «Алаш Орданың» белсенді жетекшілері – Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевқа ескерткіш қойылды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button