АймақБұқар жырау

Құрама ауылында мал қоршауы мен оқшаулау орны орнатылды

Бұқар жырау ауданының Құрама ауылында малды уақытша ұстауға арналған қоршау мен ветеринарлық жұмыстар жүргізуге қажет оқшаулау орны орнатылып, пайдалануға берілді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жаңа нысан Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес салынып, бұл орайдағы көптеген қолайсыздықтан құтқарды.

Оның негізгі мақсаты – ауыл аумағында қараусыз жүрген ірі және ұсақ малды уақытша қамап, есепке алу, ветеринарлық тексерістен өткізу және профилактикалық шаралар қолдану. Онда қақпа мен кіріп-шығу аймағы жасақталып, қауіпсіздік талаптары мен тазалық сақтау мәселесі де толық қарастырылған. Ол ветеринарлық мамандардың өз жұмыстарын сапалы жүргізуіне жағдай жасап отыр.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button